Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемияға байланысты жарыс онлайн форматта жастар мен балғындар арасында ұйымдастырылды. Төрешілер де қашықтықтан жұмыс істеді.
«Ақмола облысы атынан Атбасар, Степногор және Көкшетау қалаларынан зілтеміршілер өнерлерін ортаға салды. Оның ішінде 87 салмақта сынға түскен Карина Құзғынбаева 214 келі (94 120) көтеріп, чемпион атанды. Сонымен бірге, 76 келі салмақта Виктория Новикова - 174 кг (79 95), 96 келі салмақта Александр Сахнов - 250 кг (110 140) және 109 келі салмақта Сергей Палагин - 264 кг (118 146) бағындырып, «қола» жүлдеге ие болды», - дейді ведомстводан.