Ақмолалықтар Атыраудан 48 медаль олжалап қайтты
16:34, 27 Қыркүйек 2017
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен республикалық спартакиадада жеңіске жеткен ақмолалықтарды жерлестері құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көкшетаудағы теміржол вокзалына келіп түскен спортшыларды қарсы алуға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, БАҚ өкілдері және туған-туыстары жиналды.
Мүмкіндіктері шектеулі болғанымен ақмолалықтар жеңістің жарқын үлгісін көрсетті. Спорттың 11 түрінен ұйымдастырылған сайыста, еліміздің 14 облысынан келген 1500- ден астам спортшы өз бағын сынады. Оның ішінде Ақмола облысынан барған 50 спортшы қатысып, бақ сынады. Спартакиаданың қорытындысы бойынша, ақмолалық спортшылар облыс қоржынына 48 медаль салып, (оның ішінде-19 алтын, 21 күміс, 8 қола бар) турнир кестеснің 9-шы орынына жайғасты.