Ақмолалықтар #Birge#TazaQazaqstan экологиялық қозғалысын қолдады

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы #Birge#TazaQazaqstan экологиялық қозғалысын қолдады.

Бұл туралы аймақ басышысының орынбасары Марат Иғалиевөзінің Instagram парақшасында жариялап, ақмолалықтарды ағымдағы жылдың 27шілдесінде өткізу жоспарланып отырған #Birge#TazaQazaqstan экологиялықэстафетасына қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкісаясат басқармасына сілтеме жасап.

Ауқымды акцияның мақсаты - табиғат пен су айдындарының ластануы, тазалықтысақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне адамдардың назарынаудару.

«Акция аясында Копа көлі мен Қылшақты өзенінің жағалауын тазартужоспарлануда. Таңғы сағат 09:00-де жиналамыз, жиналу орны Қопа көлініңжағалауындағы тікұшақ алаңы болып анықталды», - дейді М.Иғалиев.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда дайындалу жұмыстарыжүргізілуде: маршруттар анықталды, қоқыс шығару үшін техника бөлінді, қаптардайындалды.

Акцияға барлығы 15 мыңнан аса адам қатысатыны жоспарланған. Олардыңарасында түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, жастар,шағын және орта бизнес өкілдері, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттікқызметшілер бар.

Осы күні челленджге Ақмола облысының барлық елді мекендері қолдау көрсетіпотыр.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Birge Taza Kazakhstаn экологиялыққозғалысы басталды. Өткен сенбіде экологиялық эстафетаны Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастап берді, оған ҚРПремьер-Министрі Асқар Мамин, вице-премьер Жеңіс Қасымбек, Парламентдепутаттары, Ақмола облысының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері, бірқатарминистрлер, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының және Ақмола облысының тұрғындарықатысты.

Соңғы жаңалықтар