Ақмолалықтар екі жыл ішінде МӘМС-ке 6,5 миллиард теңге аударған

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 2017 жылғы шілденің 1-нен бастап биылғы жылдың 22 шілдесі аралығында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жарнасы мен аударымдарының көлемі 6,5 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді жарты жылөткен соң қазақстандықтар ҚР Үкіметі жаңадан бекіткен міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмекшеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімі бойынша медициналық көмек алады.

«Ақмола облысында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер 317 478тұрғын үшін 6,5 миллиард теңге аударды. Бұл өңір тұрғындарының 41 пайызынқұрайды. Республика бойынша жарнаның жалпы соммасы 188,9 миллиард теңгеніқұрады. Жалпы, жоспар бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық көмектердің шығынын жабу үшін барлығы 206 миллиардтеңге қаржы жинау жоспарланған.

«Жиналған қаржы кеңейтілген медициналық қызметтер тізіліміесебінен сақтандырушыларға тиімді жағдай жасауға бағытталады. Яғни, кепілдендірілгентегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізіліміменсалыстырғанда тұрғындардың медицинаға деген сұранысы үрдісінен шыға алады»,дейді «Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлікқоғамы Ақмола филиалының басшысы Нұрлан Ақылбеков.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружарнасына ақша аударуға асықпаған жұмыс берушілер өсімақы төлеуге мәжбүр болды.Өсімақының көлемі ағымдығы жылғы шілденің 22-дегі мәлімет бойынша облыста 18,6миллион теңгені құрады.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, биыл Ақмолаоблысында медицина қызметкерлеріне 30 пайыз өсіммен еңбекақы төленді. Біріншікезекте ең төменгі айлық алатын медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріліпотыр.

Соңғы жаңалықтар