Ведомствоның мәліметінше, қала күніне орай «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені алдындағы алаңда ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 240 миллион теңгенің 220 тоннадан астам азық-түлік өнімдері саудаға шығарылады. Оның ішінде 100 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, 290 мың дана жұмыртқа, 26,4 тонна сүт және сүт өнімдері, 3 тонна өсімдік майы, 18 тонна көкөніс және өзге де ауыл шаруашылық өнімдері жеткізіледі деп жоспарланған.
«Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары 30-дан астам азық-түлік түрін базар нарығынан 10-20 пайыз төмен бағада сатып ала алады. Отандық тауарларды 2 қала мен 17 ауданнан 50 кәсіпорын ұсынады. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілер үшін Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары мерекелік бағдарлама ұйымдастырады», - дейді ведомстводан.