Ақмолалықтар жемқорлыққа қарсы қызметке Facebook арқылы жүгіне алады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Facebook-те парақша ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға,тұрмыстық жемқорлықты жоюға, азаматтардың жемқорлыққа қарсы иммунитетінкүшейтуге айрықша көңіл бөледі. Агенттік қызметінің негізгі ұстанымы ашықтықжәне қолжетімділік болып табылады. Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың Facebookәлеуметтік желісінде парақша ашуы және оған азаматтардан көптеген өтініштердіңкеліп түсуі осының жарқын мысалы. Бұл шараның мемлекеттік аппаратқа дегенсенімнің артуына, халықпен шұғыл әрі сапалы байланысты қамтамасыз етуге ықпалеткені сөзсіз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жаңа тағайындалған басшысыМұрат Төлеубаев жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап қату және олардыәлдеқайда толғандыратын мәселелерді шешу мақсатында Facebook әлеуметтікжелісінде өзінің жеке парақшасын ашты», дейді ведомстводан.

Парақша аша отырып, Мұрат Төлеубаев облыстұрғындарына арнап өзінің алғашқы постын жариялады.

«Қазіргі уақытта интернет-ресурстар жаңа мәнге иеболып, мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстың маңызды құралына айналуда.Әлеуметтік парақша Сіздер өз сұрақтарыңыз бен мәселелеріңізді айтып, сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз пікірлеріңіз бенұсыныстарыңызды жеткізе алатын тиімді диалог алаңына айналатынына сенімдімін.Осындай өзара ынтымақтастық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде ашық,тиімді әрі жедел әрекеттестіктің көкжиегін кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз», -деп жазды Мұрат Төлеубаев.

Департамент басшысының айтуынша, әлеуметтікжелілердегі өтініштер департаменттің жұмысына қоғамдық пікір призмасы арқылықарап, нақты кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді.