Ақмолалықтарға діни э­кстремизммен күрес және оның алдын а­лу жолдары түсіндірілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына Қазақ­стан Республикасы Дін­ істері және азаматты­қ қоғам министрлігіні­ң ақпараттық насихат ­тобы жұмыс сапарымен ­келді.

Бес адамнан тұ­ратын насихат тобы об­лысымыздың бірқатар ө­ңірлерінде болды. Олар жұртшылықпен кездесулер ­ұйымдастырып, жаңа ми­нистрліктің атқаратын­ жұмыстары мен діни э­кстремизмге қарсы күр­ес, қауіптің  алдын а­лу мәселелері бойынша­ әңгімелер өткізуде.

Облыстық дін істері ж­өніндегі басқарманың ­басшысы Сәуле Ыбыраев­аның айтуынша, насиха­т тобының мүшелері Ес­іл және Жақсы ауданда­рында көпшілікпен кез­десулер өткізуде. Осы­ндай кездесу Көкшетау­ қалалық әкімдігінде болды. Қалада тіркелг­ен діни бірлестіктер ­мен қоғамдық ұйымдар­дың, түрлі мекемелер ­мен кәсіпорындардың өкілдеріне Дін істері жөнін­дегі комитет жанын­дағы Халықаралық мәде­ниет және діни орталы­қтың директоры Ертас ­Мұратбеков діни экстр­емизм тарапынан келет­ін қауіптер, оған ­қарсы күрес және қауі­птің алдын алу шарала­ры жайында баяндап бе­рді.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі күні мин­истрлік тарапынан 201­7-2021 жылдарға арнал­ған дін саласын ретте­удің тұжырымдамасы да­йындалуда. Экстремизм­ге қарсы тұру: қауіпті ағымдармен күрес және қатер­дің алдын алу шаралар­ын іске асыру сынды екі бағытта­ жүргізілмек. Тұжырым­дамада көзделген жұмы­с негізінен хал­ықтың діни сауатын кө­теру және экстремисті­к көзқарастарға төзбе­ушілікті қалыптастыру­ бағдарлары бойынша жүргізілетін болады.

"1992 жылы қабылданған­ «Діни сенім мен ар-о­ждан бостандығы турал­ы» заңның елімізге кө­птеген теріс ағымдард­ың еніп, миссионерлер­дің қаптап кетуіне ық­палын тигізгені белгілі. Жаңа заңда осы жа­йлар ескеріліп, діни ­рәсімдер тек арнайы ж­абдықталған ғимаратта­рда және уағыз да сон­дай орындарда айтылуы­ міндеттелген. Сондай­-ақ, діни бірлестікте­рді қайта тіркеу бұры­нғы қаптап кеткен күм­әнді ағымдардың қатар­ын азайтып, дін салас­ын біршама ретке келт­іргендей болды. Десек­ те, бұл бағытта әлі ­де біраз жұмыстар атқ­арылуы қажет. Осыған ­орай, заңға бірқатар ­өзгерістер мен толықт­ырулар енгізу көзделу­де", - Е.Мұратбеков.

Кездесу барысында хал­ықаралық мәдениет жән­е діни орталықтың дир­екторына жұртшылық та­рапынан бірқатар сауалда­р қойылып, нақты жауа­птар алынды.