Сайрамкез Ақмолда ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Қазақстандық Сайрамкез Ақмолда ауыр атлетикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы
Қазақстандық ауыр атлет 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қоссайыс қорытындысында 292 кг (126+166) нәтиже көрсетті.
Сайрамкез жұлқа көтеруден үшінші болса, серпе көтеруден кіші күміс медальға ие болды.
Сайыс қорытындысында солтүстіккореялық Ри Вон Джуді (317 кг, 137+180) ғана алға жіберді.
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы
Осылайша Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
10 ақпанға дейін жалғасатын құрлықтық біріншілікте Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингілік ұпайлар үлестіріледі.
Үздік үштікке таиландтық Терават Ратфет (286 кг, 128+158) ілікті.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).