Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Ақорда.

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ресми дереккөзде.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң қабылданды.