Бокс кешінің екінші жекпе-жегінде қазақстандық Ақниет Әлімбай мен өзбекстандық Зайнобиддин Собиров арасында төрт раундтық жекпе-жекте қолғап түйістірген болатын.
Кездесу төрешілердің бірауыздан шешімімен Қазақстан боксшысының пайдасына шешілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.
Жалпы, кеш аясында Қазақстанның 14 (13 жұп) боксшысының өнерін тамашалауға болады.