деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақниет сүт» сайысы 2010 жылдың 24 ақпаны мен 21 қарашасы аралығында өтетіні жарияланған болатын. Осы мерзім аралығында сүт өніміне байланысты шыққан материалдар сайысқа қабылданады. Журналистердің жұмыстарына сүт саласының сарапшылары мен танымал журналистер төрелік етеді.
«Сайыс идеясын қолдауға және әлеуметтік тұрғыда маңызды ақпарат таратуға ат салысқан БАҚ өкілдеріне зор ықыласымды білдірем. Әділ сарапшылар сұхбатының журналистер бастамасымен іске асырылғаны біз үшін маңызды», дейді Қазақстан сүт одағы атқарушы директорының орныбасары Лидия Михеева.
Байқау шарттары бойынша журналистер Қазақстандағы сүт мәселелері мен жетістіктерін, сүт өңдеудің соңғы технологиясын және сүттің адам ағзасына тигізер пайдасын толық қамту керек.
Сонымен «Қазақ тілінде жазылған үздік мақала» аталымы бойынша «Жас қазақ» республикалық газетінің тілшісі Роза Шәкенова марапатталса, «Үздік орыс тіліндегі мақала» аталымына «Вечерний Алматы» басылымының журналисі Наталья Вержбицкая лайық деп танылды. Сондай-ақ қазылар алқасының ұйғарымымен «Хабар» телеарнасының журналисі Елена Горячева «Үздік телеарналық сюжет» аталымы бойынша марапатталды.