Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды.

Фото: ҚР Спорт комитеті

Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта Украина өкілі Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Ақнұр Тұрсынғали Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін жұдырықтасады. Оның финалдағы қарсыласы бразилиялық Сара Кампос болмақ.

ҚР ҰОК мәліметінше, финал 12 қарашада өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан боксшыларының жартылай финалдағы қарсыласы анықталғанын жазған едік.