Ақорда Елбасының Сауд Арабиясына сапарының қорытындысы бойынша суреттерді жариялады
21:56, 22 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына жасаған сапарының нәтижесі бойынша суреттер жарияланды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд өткен «АҚШ - Ислам әлемі» саммитіне қатысқан болатын. Қазақстан Президенті «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді.