Ақорда Мәскеуде өткен Жеңіс парадының суреттерін жариялады
16:38, 09 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорданың баспасөз қызметі Ресей астанасы Мәскеуде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген парадтың суреттерін жариялады.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.
Президент Мәскеуде Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесіп, оны елге мемлкеттік сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресейде Мьянма Премьер-министрімен, Сербия басшысымен кездесті.
Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетті.
Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.