Ақорда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 11 қазанда Сочи қаласында өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырыстарына қатысады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 11 қазанда Сочи қаласында (РФ) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Онда саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы және Достастық қызметінің басқа да негізгі бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар мәселелер қарастырылады.