Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен түскен суретін жариялады
Бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен "АҚШ-Ислам әлемі" саммиті барысында кездесті. Нурсултан Назарбаев встретился с Президентом США Д.Трампом на полях саммита "США-Исламский мир"
Публикация от AkordaPress (@akordapress) Май 21 2017 в 11:22 PDT
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды.
Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты.