Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Осыған дейін Армения президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапармен келе жатқанын жазған болатынбыз.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.