«Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел дамуының маңызды әлеуметтік мәні бар басым бағыттарының бірі ретінде денсаулық сақтау саласын атап өтті. Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары саласындағы тәртіпті реттеу қажеттігіне айрықша көңіл аударды. Президент өз сөзінде цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін де ерекше атап өткен», - деді комиссия төрайымы Гүлшара Наушақызы отырыстың ашылуында.
Комиссия отырысында денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық мәселесінен бөлек «Цифрлық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары қаралды.
Айта кетейік, алдағы уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің шекті бағасын енгзуді көздейді.
Сондай-ақ, жалған препараттарға қарсы арнайы жүйені енгізіп жатыр.
Ал «Цифрлық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы күні кеше арнайы респубикалық кеңесте қаралды.
Алдағы уақытта Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, цифрландыру барысында елдің ақшасыжелге ұшпауы тиіс.