Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Фэйсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Ақордада жаңа ғана Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес басталды. Шара барысында қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған», - делінген хабарламада.
Кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.