Қаруы сайланған, сымдай тартылған сарбаздар биыл да сап түзеді. Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» президенттік полкінің Құрмет қарауыл ротасы көк байрақты Ақорданың алдына алып келді.
Команда берілген соң Қазақстанның Мемлекеттік туы көтеріліп, Гимн шырқалды.
1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Оған сәйкес, 1 желтоқсан мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде белгіленді.