Ақордада энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

«Отан» орденімен

  • Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;

«Парасат» орденімен

  • Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы
  • Сүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы;

«Құрмет» орденімен

  • Асрепов Миржан Ғұмарұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы
  • Бузав Әбжәлі Мәуленұлы – «Жылу» МҚК шебері, Түркістан облысы
  • Қожин Мұрат Қабиденұлы – еңбек ардагері, Ақмола облысы
  • Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы – «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері, Жетісу облысы
  • Рау Владимир Александрович – еңбек ардагері, Павлодар облысы
  • Хван Александр Федорович – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Вашкель Иван Вацлавович – «КЕGОС» АҚ «Ақмола жүйералық электр желілері» филиалы Петропавл АЭЖ «Мүсірепов» 220кВ-КС электр слесары, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Есжанов Амандық Оразғалиұлы – «МАЭК» ЖШС 1-ЖЭО слесары-жөндеушісі, Маңғыстау облысы
  • Жамалақов Қанатбек Ерділдаұлы – «Жамбыл электр желілері» ЖШС Мойынқұм АЭЖ шебері, Жамбыл облысы
  • Колесников Сергей Викторович – «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары, Жетісу облысы
  • Сейсекенов Қайырғали Жұмаұлы – «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы
  • Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы – «Энергосистема» ЖШС кабелшісі-көлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Азанғұлов Қуаныш Орынбайұлы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС слесары, Шығыс Қазақстан облысы
  • Ақбаев Жандарбек Садырұлы – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері, Қызылорда облысы
  • Бекмағанбетов Фазылбек Қайлыұлы – «KEGOC» АҚ 220кВ КС электр слесары, Қостанай облысы
  • Бернгардт Ольга Владимировна – «Қарағанды Жарық» ЖШС Бұқар Жырау АЭЖ кіші станциясының шебері
  • Волков Дмитрий Геннадьевич – «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС №1 желілік ауданының электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Гибадулин Равиль Сибагатуллович – «Астана-Энергия» АҚ қазандықтарының машинисі, Астана қаласы
  • Елеманова Әлия Аликқызы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы
  • Калинина Татьяна Васильевна – «Kazakhmys Energy» ЖШС «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС бу турбиналарының машинисі, Қарағанды облысы
  • Кенжеев Абдуәли Бұрханұлы – «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық жабдықтарын қараушысы, Түркістан облысы
  • Қапез Ерқанат Жандарбекұлы – «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ тепловоз машинисі, Павлодар облысы
  • Қаратаев Болатбек Жәнібекұлы – «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК операторы
  • Мелентьев Андрей Иванович – «Шығыс Жылу» АҚ Үлбі АЭЖ электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Шығыс Қазақстан облысы
  • Темникова Евгения Геннадьевна – «Талғар Жылу» МКК бас инженері, Алматы облысы.

Мемлекет басшысы энергетика саласының қызметкерлерімен суретке түсті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.