Ақордада ЕурАзЭҚ саммиті болады
09:28, 05 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) мемлекетаралық кеңесінің отырысы ашылады.
Қазақстан, Ресей, Беларус, Тәжікстан, Қырғызстан президенттері дағдарысты еңсеру жөніндегі бірлескен шараларды қарайды.
Бұдан басқа, Ақордада Кеден одағына кіретін Қазақстан, Ресей және Беларус мемлекеттері басшыларының кездесуі өтеді.