Дін саласы мен діни экстремизмге қарсы шараларға қатысты қазіргі жағдай туралы бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары өз баяндамаларында атап өтті.
Комиссия отырысы барысында оған қатысушылар зайырлы мемлекет ретіндегі Қазақстанның мәртебесі туралы конституциялық нормалардың сақталуын, сонымен қатар заңнамаға қайшы келетін және ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетті болдырмаудың маңыздылығын атап өтті.