Іс-шараға қатысатын ресейлік делегаттар да, Қазақстан министрлері де Ақордаға жиналып жатыр. Қазіргі сәтте екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары маңызды кездесуден жедел ақпарат тарату үшін техникалаларын сайлап, дайын тұр.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады. Елдер арасындағы тауар айналымы, инвестиция көлемі және форумда қандай мәселелер қаралатыны Kazinform сарапшысының шолуында.