Ақордада Қазақстан Президентінің байрағын көтеру рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасы арқылы.

Президент байрағын көтеру рәсімін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің батальоны қамтамасыз етті. Рәсім Қазақстан Әнұранының сүйемелдеуімен өтті.