- Қазіргі уақытта Қазақстан мен Босния және Герцеговина өзара пайдалы қарым-қатынасын кеңейту мен тереңдетуге көзделген әлеуетті барынша пайдаланған жоқ. Сондықтан, мен барлық салаларда екі жақты карым-қатынастын әлеуетін одан әрі жүзеге асыруға өз күшімді барынша саламын, - деп атап өтті Босния және Герцеговинаның Төтенше және өкілетті елшісі Желько Янетович журналистермен кездесу барысында.
Марсиал Бобадилья Гильен Парагвай Қазақстанмен технологиялық даму, ғылым және спорт салаларында қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге қызығушылық барын мәлімдеді.
- Қазақстан мен Мавритания екі ел халқының игілігі үшін халықаралық ұйымдардың аясында белсенді қызмет жасайды, - деді Сиди Мохамед Ульд Талеб.
Кувейт Мемлекетінің елшісі Науаф Абдель Азиз әл-Онейзи Қазақстан мен Кувейт арасындағы қарым-қатынасты достық пен әріптестік ретінде сипаттауға болатынын, оның одан әрі өзара тиімді дамуы үшін үлкен әлеует бар екендігін жеткізді.
- Мен Астанаға бірінші рет келіп тұрмын. Астана мені өз әдемілігімен және ерекше сәулетімен таң қалдырды. Мен алдағы уақытта біздің қарым-қатынасымызды нығайту үшін Қазақстанның елордасына жиі келетін боламын. Екі жақты қарым-қатынасымызды ауыл шаруашылығында, металлургия және кен өнеркәсібінде дамыту қажет, - деп атап өтті Чили Республикасының елшісі Хуан Эдуардо Эгигурен.