«Мемлекет басшысының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия бекітілді. Мемлекеттің бұл бағдарламалық құжаты алдағы онжылдыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың саясатын айқындайды. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жоспарлары жаңа талаптарды ескере отырып түзетілуі тиіс және аталған стратегияны жүзеге асыруға бағдарлануы керек»,-деді Мемлекеттік хатшы.
Г. Әбіқалықова бірлескен күш-жігермен мемлекеттік сатып алулар саласы мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар, сондай-ақ табиғи монополияларды реттеу қызметіндегі проблемаларды шешіп, өкілетті мемлекеттік органдардың және табиғи монополиялар субъектілері жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету керектігін қадап айтты.
Айта кетейік, отырысқа Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің және басқа да лауазым иелерінің баяндамалары тыңдалды.