Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның барысында Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлерінің есептері қаралды.

Сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі өз жұмыстары туралы есеп берді.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді.