Ақордада өткен отырыста ҚР шетелдік мекемелерінің тиімді қызметін ұйымдастыру мәселесі қарастырылды

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысының «Ақорда» резиденциясында Республикалық жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің тиімді қызметін ұйымдастыру мәселесі, сондай-ақ дағдарыстық жағдайлардың туындауы кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың өзара әрекет етуін және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Талқылау қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.