деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс барысында еліміздің денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайды сауықтыру мен алдын алу және ондағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселе жөнінде сөз қозғаған Қ.Саудабаевтың сөзінше, денсаулық сақтау саласы мен азаматтардың денсаулықтарын қорғаудағы құқықтарының сақталуы адамның басты, әрі маңызды құқықтарының бірі. Тәуелсіздік жылдарында елімізде аталмыш саланы жетілдіру бағытында көптеген істер атқарылды. «Әсіресе соңғы жылдары бұл саланың жұмысында серпіліс пайда болды. Бұнда тек тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлері бойынша ғана емес, осы қызметтің сапасы жөнінен де ілгерілеушіліктер болды. Әлемдік дағдарысқа қарамастан Мемлекет басшысының қатаң талап қоюы нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлініп отырған қаржы бір теңгеге де кеміген жоқ», деді Мемлекеттік хатшы.
«Біз осындай мүмкіндіктерді ескере отырып, денсаулық сақтауға бөлінген әрбір теңгенің тиісті мақсатқа жұмсалуын мұқият қадағалауымыз қажет. Жемқорлықты, әрине, кез-келген салада жоюға күш салу керек. Ал денсаулық сақтау саласында оның екі есе назарда болғаны жөн. Өйткені ол кез-келген аурудан қауіпті дерт», деді Қ.Саудабаев.