Ақордада Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
18:51, 13 Қыркүйек 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Құрмет қарауылының бастығы елдер көшбасшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Ватиканның әнұрандары шырқалды. Содан кейін Президент пен Рим Папасы келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына өтті.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Рим Папасы Францискті күтіп алды.
Осыған дейін 14 қыркүйекте елордада Рим Папасы Францисктің қатысуымен Қасиетті Месса өтетіні хабарланды.
Рим Папасының месса рәсіміне қай елдерден діндарлар келетіні де айтылды.
Фото: akorda.kz