Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті ел армиясының Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Біздің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтарын - еркіндікті, тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғайды. Сондықтан Мемлекет басшысы Қорғаныс күштерінің дамуына ерекше көңіл бөледі.