Ақорданың маңынан М. Ломоносов атындағы ММУ-дің қазақстандық филиалына жаңа ғимарат салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін жаңа ғимарат салынуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте М. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы директорының орынбасары Сабина Аязбекова мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Ақордаға жақын жерден М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін ғимараттың құрылысына жер телімін бөлгізді. Биыл біздің студенттер жаңа жатақханаға қоныстанып, жақын арада оқу ғимараты салынады деп үміттенеміз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде аталған оқу орынының қазақстандық филиалы елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің корпусында орналасқан.