Ақпан айында күн райы қандай болады – синоптиктер болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 2024 жылдың ақпан айында еліміздегі күн райына болжамын ұсынды.

Фото: Виктор Федюнин

2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында нормаға жақын болады.

Ақпан айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болатыны болжанған. Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік бөлігінде, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады. Республиканың солтүстігінде негізінен қар жауады, елдің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Елдің солтүстік жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Болжам бойынша, ақпан айының бірінші онкүндігінің басында Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, ал ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Ақпанның басында республиканың оңтүстік облыстарының таулы аймақтарында кей кездері қалың қар жауады, тұман түсіп, күн суытады, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді.

Ақпан айының бірінші онкүндігінің басында батыста, ал онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы болжанып отыр: солтүстік бөлігінде температура -3 2°C-ге дейін, оңтүстікте 5 15°C-ге дейін көтеріледі. Ақпан айының бірінші онкүндігінің соңында еліміздің солтүстік-батыс жартысында, кейін қалған бөлігінде температуралық фонның төмендеуі болжанды.