«Павлодар облысының аумағында браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 1-29 ақпан аралығында «Браконьер»жедел-профилактикалық жүргізіледі. Профилактикалық іс-шара барысында полицейлер өзге органдардың өкілдерімен бірлесіп, аңшылар және аңшылық шаруашылықтары мен алқаптар аумақтарындағы аң аулау және браконьерлік қағидаларын бұзу фактілерін тексереді», - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
Бұған қоса аң аулау мақсатында елімізге келген шетелдіктерге қатысты аңшылық қаруды әкелу мен әкету және көші-қон заңнамасы тәртібінің талаптарын сақтау бөлігінде анықтаулар жүргізіледі. Автожолдарда күдікке ілінген көлік құралдары тоқтатылып, аңшылық қаруы мен патрондар, суық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат құжаттары да назарға алынады. Аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, ағаш дайындау және табиғатты пайдаланудың басқа да түрлеріне, сондай-ақ биологиялық ресурстардың барлық түрінің объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат беру құжаттарының болуы да тексеріледі.