Ақпан айында азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті - Статистика

None
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылдың ақпан айында еліміздегі азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы 2009 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылғы ақпанда 2009 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 42,2 пайыз, кофе, шай және какаоға - 19,5 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,3 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 6,6 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 6,1 пайыз, сүт өнімдеріне - 4,4 пайыз, макарон өнімдеріне - 1,3 пайыз өскен. Сонымен бірге, бағаның төмендеуі ұнға 17 пайыз, жармаға - 6,1 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 4,3 пайыз, нанға - 3,4 пайыз, жұмыртқаға - 2,6 пайыз, май және тоң майға 0,8 пайыз деңгейінде байқалған.

Есепті кезеңдер бойынша ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,1 пайызды құраған. Бұның ішінде, шошқа етіне баға деңгейі 12,4 пайыз, шұжық өнімдеріне - 6,9 пайыз, қой етіне 4,3 пайыз, жылқы етіне - 3,6 пайыз, құс етіне 1 пайызға жоғарылады.