Ақпан айында бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 92 мың 338 теңгені құрады - статистикалық мәліметтер

None
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың ақпан айында бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 92 мың 338 теңгені құрады.

Бұл туралы еліміздің Статистика агенттігінен хабарлады.

Салалық құрылым бойынша, ең жоғары айлық жалақы қаржы және сақтандыру саласында тіркелген. Аталмыш салалардағы жалақы көлемі 191,8 мың теңгені құрайды. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 2,1 есеге артық. Ал кәсіптік және ғылыми-техникалық саладағы жалақы 179,4 мың теңге. Бұл да республикалық орташа көрсеткіштен 1,9 есеге артық. Сондай-ақ тау-кен өндірісі саласындағы жалақы 156,1 мың теңгені құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге көп.

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы мамандарында. Олардың айлық жалақыларының орташа мөлшері 41,6 мың теңгені құрады. Яғни республикалық орташа көрсеткіштен  41,6 пайызға аз. Аймақтар бойынша, ең жоғары жалақы Атырау облысында. Ондағы жұмысшылардың кірістері 165,7 мың теңге немесе республикалық орташа көрсеткіштен 1,8 есеге көп. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағылардың еңбекақысы 64,1 мың теңгені құрап, елдегі орташа деңгейден 30,6 пайызға аз болды.