Ақпан айында ел кәсiпорындарына 65,0 мың адам жұмысқа қабылданып, 54,7 мыңы түрлі себептермен босатылды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылдың ақпанында республиканың ірi және орта кәсiпорындары мен ұйымдарына 65,0 мың адам жұмысқа қабылданып, түрлі себептермен 54,7 мың адам жұмыстарынан босатылды.

Босатылған қызметкерлердiң 85,0 пайызы жұмыстан өз еркімен, 2,7 пайызы - қызметкерлер санының қысқаруына байланысты және 12,3 пайызы - басқа себептер бойынша шықты.

2011 жылғы ақпан айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,2 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 1,8 пайызды, кадр тұрақсыздығы - 1,6 пайызды құрады. Аталмыш кезеңде жұмыстан босатылған қызметкерлер саны қайта қабылданған кадрлармен 118,8 пайызға толықтырылды.