«Ақпан айында инфляция 1,5 пайызды құрады. Өткен айда өнеркәсіп саласындағы баға - 3,2 пайызға, ауыл шаруашылығында - 2,9 пайызға, көтерме саудада - 1,1 пайызға, құрылыс саласында - 0,7 пайызға, орман шаруашылығында - 0,6 пайызға көтерілді», делінген агенттіктің ресми хабарламасында.
Сонымен қатар, агенттік жүк тасымалының, заңды тұлғаларға арналған пошта, курьерлік және байланыс қызметтерінің тарифтері өзгермегенін хабарлап отыр.