11:45, 17 Наурыз 2009
Ақпан айында мемлекеттік бюджет табысы 2008 жылдың сәйкес кезеңінен 4,5 пайызға азайып, шығын 9,5 пайызға артты
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат – 2009 жылдың қаңтарында сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,6 пайызға азайып, 4,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Экспорт көлемі 50,5 пайызға, импорт ? 21,4 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Өткен қаңтар-ақпан айларында жеке тауар айналымының көлемі 164,3 миллиард теңгені құрады (қоғамдық тамақтануды есепке алмағанда). Бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға аз. Аталмыш кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 3,2 пайызға төмендеп, 1014,4 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ өндіріс көлемінің төмендеуі қайта өңдеу өнеркәсібінде (88,6 пайызға), электр энергиясы, газ және суды үлестіруде (92,2 пайызға) байқалды. Ал тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі керісінше 1,5 пайыз артқаны байқалды. Өткен ақпан айында азық-түлік тауарлардың бағасы - 0,8 пайыға, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер ? 1,4 пайызға қымбаттады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,3 пайызға төмендеді. Жалпы ішкі өнімнің көлемі 2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында қазіргі бағамен 15907,0 млрд теңгені құрады. 2007 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің нақты өсімі 3,2 пайызды құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі ? 45,0 пайыз, қызметтер ? 52,5 пайыз. Сонымен қатар, 2008 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға инвестиция салымы 9,7 пайызға азайып, 373,1 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бюджеттің табысы үстіміздегі жылдың ақпанында 206,6 млрд теңгені құрады, шығын ? 128,9 млрд теңге. Өткен жылға қарағанда табыс 4,5 пайызға азайып, шығын 9,5 пайызға артты.