«Ақпан айының үздік спортшысы» атағын еркін күрес шебері Данияр Қайсанов иеленді. Үздік атануға жалпы есебі 10 спортшы үміткер болған. Олар: Данияр Қайсанов (еркін күрес), Юсуп Батырмурзаев (еркін күрес), Тамерлан Шадукаев (грек-рим күресі), Татьяна Ахметова (әйелдер күресі), Жәмила Бақбергенова (әйелдер күресі), Жансай Смағұлов (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Дмитрий Рейхерд (фристайл-Могул), Абзал Әжіғалиев (шорт-трек), Жанбота Алдабергенова (фристайл - акробатика). Дауыс беру мерзімі 9 наурыз күні 13:00-де аяқталып, нәтижесінде Данияр Қайсанов көш бастады. Екінші және үшінші орында Тамерлан Шадкуаев пен Абзал Әжіғалиев бөліскен.
05:21, 10 Наурыз 2020
Ақпан айының үздік спортшысы анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында ақпан айының үздік спортшысын анықтауға арналған дауыс беру мерзімі аяқталды.