Ақпанда инфляция 0,8 пайызды құрады
16:55, 11 Наурыз 2013
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдың ақпан айында инфляция 0,8 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігі.
«2013 жылғы ақпанда инфляция 0,8 % құрады. Баға өнеркәсіпте бір ай ішінде 1,8 %, ауыл шаруашылығында - 1,2 %, көтерме саудада - 0,2 %, құрылыста - 0,1 %-ға өсті. Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген почталық және курьерлік қызметтеріне 1%-ға төмендеді, ал байланыс және жүк көлігімен тасымалдау қызметтеріне - өзгерген жоқ», - делінген ведомство ақпаратында.