Ақпанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі жоғарылады

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Ақпанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі жоғарылады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның атап өтуінше, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары ағымдағы жылдың ақпанында өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың өсуін және өнеркәсіп көлемінің көбеюін атап өткен. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің өсуін айғақтайды. Іскерлік белсенділіктің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, 12 пайызды құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, мамырға дейiн iскерлiк белсендiлiктің өсуі күтіледі. Сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, ақпанда өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың өсуі олардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 4 пайыздық тармаққа өсіп, 11 пайызды құрады.

Сауда кәсіпорындары басшыларының болжамды бағалауы бойынша, мамырға дейiн iскерлiк белсендiлiкке байланысты елеулі өзгерістер күтілмейді.