ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң 83,1 пайызы - өз еркімен, 1,8 пайызы - қызметкерлер санының қысқаруына байланысты және 15,1 пайызы - басқа себептер бойынша босатылған.
2012 жылғы ақпан айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,2 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,1 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,8 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 105,2 пайыз деңгейінде қалыптасты.