«Жыл басынан бергі кезеңде өндірушілер бағасы мұнайға - 17,1 пайызға, бензинге және мазутқа- 3,2 пайыздан төмендеді. Табиғи газға 9,6 пайыз, металл кендеріне 4,3 пайыз, көмірге - 4,1 пайыз, сұйытылған пропан және бутанға - 3,1пайыз, дизель отынына - 1,4 пайызға жоғарылады», - делінген баспасөз баянында.
Бұдан бөлек, бағаның қорғасынға 15,3 пайыз, асыл металдарға - 14,3 пайыз, алюминийге 10,6 пайыз, мырышқа 7,1пайыз, ферроқорытпаларға - 4,4 пайыз, қара металдар илегіне - 3,7 пайыз, мысқа - 2,8 пайызға жоғарылауы тіркелген. Сонымен қатар, өндірушілер бағасының өсімдік майына 11,1пайызға, бидай ұны және шайға - 7,9 пайыздан, қантқа - 6,4 пайыз, макарон өнімдеріне - 5 пайыз, қара бидай ұнына - 4,6 пайыз, нанға - 4,2 пайыз, жармаларға - 3,9 пайыз, құс етіне - 3,7 пайыз, мал етіне - 2,4 пайызға жоғарылауы байқалды.
23:13, 01 Наурыз 2016
Ақпанда кен өндіру өнеркәсібінде баға 13,4 пайызға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы ақпанда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 13,4 пайызға төмендеді. Ал өңдеу өнеркәсібінде - 4,1 пайызға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға 6,9 пайызға төмендеп, өндірістік сипаттағы қызметтерге 1,6 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.