«Жалпы халықаралық резерв ақпан айының соңында 91,9 млрд долларды құрады. Ақпан айының қорытындысы бойынша, алтын-валюта резервтері алтын бағасының арзандауына байланысты 34,6 млрд долларға дейін ( - 2,2 млрд доллар) азайды», - деді ол.
Оның айтуынша, ақпан айында Ұлттық қордың активтері негізгі әлемдік индекстердің төмендеуіне байланысты 57,4 млрд долларға дейін немесе 0,5% азайған.
«Республикалық бюджетке 273 млрд теңгеге трансферт бөлу үшін ақпанда Ұлттық қордың валюталық активінен 590 млн доллар сатылды», - деді Ұлттық банк басшысы.