«Былтыр желтоқсанда жауын-шашын көп болды. Қар түскен жоқ десе де болады. Осы ылғалдың бәрі жерге сіңді және кенет тасқын көріністері болуы мүмкін деп топшылаймыз. Оңтүстік өңірлерде ақпанның аяғында, наурыздың басында солтүстік өңірлерде деп болжап отырмыз. Жергілікті басшылармен, әкімдердің жауапты орынбасарларымен байланыстамыз. Қалғанын көктемде көреміз», - деді ол.
Министрлік мамандары бұл жауапқа қосымша «Қазгидрометтің» болжамдарын жария етті.
Аталған болжам бойынша тасқын қаупі күрделі өңірлердің қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстары кіріп отыр.