«Қымбатты достар! Ақпарат және коммуникациялар министрлігі серіктестермен бірлесіп, әлеуметтік роликтің үздік сценарийі үшін «Ниет» байқауын жариялайды» деп жазылған хабарламада.
Министр келтірген мәлімет бойынша, байқаудың бас жүлдесіне 1 миллион теңге және роликті белгілі режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен түсіру мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев байқаудың қазылар алқасы құрамын атап өтті.
«Менімен бірге байқаудың қазылар алқасына «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин, «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алмагүл Ахметжанова, Қазмедиа медиамектебінің директоры Махаббат Есен және Standard Life акционері Дәурен Күмпейісов қосылып отыр. Байқауға кез келген адам қатыса алады» делінген хабарламада.