«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу Мәжіліске енгізілді.
«Аталған заң жобасы дебюрократизациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жалғасы. Заң жобасы ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормаларын шамадан тыс болдырмауын реттеуге бағытталып отыр. Біршама құзыреттілікті заңнан алып оны министрліктің өз жарғысымен реттеу ұсынылып отыр. Біздің комитеті аталған заң жобасын жұмысқа қабылдауға және тиісті қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағанбетов Мәжіліс отырысында.