Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болып Болат Қалиянбеков тағайындалды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Ақпарат және мұрағат комитетінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Болат Қалиянбековті таныстырды.

Ол жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып істеген.